Хабарландыру 

 

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады.

Қажетті құжаттар тізімі:

Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

3х4 көлеміндегі 2 фото. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

12 Ақп 2022
О школе

PISA халықаралық зерттеуі

PISA халықаралық зерттеуінің мақсаты – мектептің білім беру тиімділігін, 15 жастағы оқушылардың математикалық, оқу және жаратылыстану сауаттылықтарынан оқу жетістіктерін салыстырмалы бағалау арқылы анықтау. Қазақстан зерттеуге 2009 жылдан қатысып келеді, яғни қазақстандық білім алушылардың оқу жетістіктері 2009, 2012, 2015, 2018 жылдары бағаланды. 2018 жылы еліміз алғаш рет компьютер арқылы жауап беруді бастады.

Биылғы оқу жылында математикалық сауаттылыққа басымдық берілген.

Бұл халықаралық зерттеудің басты ерекшелігі-оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру.

Мектебімізде оқу жылының басында PISA, TIMSS, PIRLS халықаралық зерттеуіне оқушыларды дайындау мақсатында жұмыс жоспарлары, сабақ кестесі құрылды. Пән мұғалімдері белгіленген кестеге сәйкес дайындық сабақтарын өткізуде. BilimCenter.kz- оқыту платформасында  оқушылар мен пән мұғалімдері арнайы курстар мен тренажерлерге қатысып, дайындықтарын пысықтау шараларын жүргізіп отыр.  Мектеп бойынша 15 жасқа толған жасөспірімдер саны -70.