Хабарландыру 

 

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады.

Қажетті құжаттар тізімі:

Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

3х4 көлеміндегі 2 фото. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

19 Мамыр 2022
Жаңалыктар 49

Бүгін, 3 мамыр 2022 жылы, Орал қаласының №49 ЖОББМ-де облыстық қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне арналған семинар өтті

Семинарды ұйымдастырушылар- "Өрлеу"БАҰО" АҚ "Кәсіби даму институты және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен курс тренері, аға оқытушы Р.С.Куанаева мен Орал қалалық білім беру бөлімінің әдіскері А.Ө.Тасимова. Семинарға біліктілікті арттыру курсына келген қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері қатысты. С.Балғабаевтың "Тойдан қайтқан қазақтар" драмасына арналған 11"А"-сыныбындағы педагог-зерттеуші А.Б.Муратбекованың және Н.Ақыштың "Нағыз әже қайда?" әңгімесі бойынша 5 "А"-сыныбындағы педагог-зерттеуші А.М.Мырзабекованың ашық сабақтары әріптестер тарапынан жоғары бағаға ие болды. Семинар жергілікті ақын-сазгерлердің шығармашылығына арналған "Ақын - елдің ардағы" атты әдеби-сазды кешпен жалғасты. Кеш қонақтары болған Талғат Мықи, Орынбек Меңдіқұлов, Абзал Каримуллин және Әділ Ахметов көрермендерін жырмен сусындатып, әсем әннің сазына бөледі. Тек қазаққа ғана тән айтыс өнерінің үлгісін тарту етті. Мектеп оқушылары мен семинар қонақтары өз көкейлеріндегі сұрақтарға жауап алып, өлеңдерін мәнерлеп оқыды және ақын-сазгерлердің туындыларын нақышына келтіре орындады. Қатысушы әріптестер ерекше кештен алған әсерлерін ыстық ықыластарымен жеткізді.