Алғыс айту күні – бұл, ең алдымен, елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанатты күні. Бұл – тағдыр тәлкегімен Қазақстан жеріне еріксіз қоныс аударған түрлі этностардың миллиондаған өкілдерінің құтты қонысына айналған қасиетті қазақ жері мен қонақжай қазақ халқына терең тағзым белгісі. Осыған орай мектебімізде көктемнің алғашқы күні - Алғыс айту күніне орай концерттік іс - шара ұйымдастырылды. Шарамызға ата - аналар қатысып, өз ризашылықтарын білдірді. Оқушылар мұғалімдер мен мектеп қызметкерлеріне қолдан ашық хат жасап сыйлап,қабырға газеттерін дайындады.
Өмірдің әрбір сәтін бағалай білуге үйреніңіздер және Табиғат – Анаға мейірімді күні үшін, көңілді жаңбыры мен ақ қары үшін, жұмсақ ұлпа бұлты үшін, жақын адамдарға қайырымдылығы мен риясыз махаббаты үшін алғыс айтуды ұмытпаңыздар.
https://sh49-uralsk.edu.kz/%D0%B6%D0%B0%D2%A3%D0%B0%D0%BB%D1%8B%D2%9B%D1%82%D0%B0%D1%80-49/17801-al-ys-ajtu-k-n.html#sigFreeIdd4615a4576