Хабарландыру 

 

Бірінші сынып оқушыларының құжаттарын қабылдау 1 сәуірде басталады.

Қажетті құжаттар тізімі:

Ата-ананың өтініші (немесе оларды алмастыратын тұлғалар);

Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;

«Бала денсаулығы паспорты» 026/у-3 нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

063/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы құжат;

3х4 көлеміндегі 2 фото. Өтініш бір жұмыс күні ішінде қарастырылады.

09 Нау 2022
Жаңалыктар 49

Елін сүйген ер болар

Жастардың бойында  патриоттық сезімді оятып, ауған соғысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алу,тәуелсіздік жолында күрескен аға - апаларымыздың ерлігін кейінгі ұрпаққа үлгі ете отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, Отанын сүюге тәрбиелеу мақсатында мектебімізде 25 ақпан күні "Елін сүйген ер болар"  тақырыбында Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.  Кездесу барысында білім алушылар қызықтырған сұрақтарын қоюға мүмкіндік алды. Ардагерлер өз ойларымен бөлісіп қана қоймай, қазіргі жастарға бейбіт өмірді сақтауға, түрлі арандатушылыққа бой алдырмауға, Отанды қорғауға дайын болуға шақырды.

Кездесуді ұйымдастырушы АӘжТД пәні мұғалімі Сакипкалиев Б.Ш